Жапониямен бірыңғай туристік маршрут әзірлеп, виза рәсімдеуді жеңілдету керек – Президент

Жапониямен бірыңғай туристік маршрут әзірлеп, виза рәсімдеуді жеңілдету керек – Президент
Ақорда

Мемлекет басшысы Токиода өтіп жатқан «Орталық Азия-Жапония» саммитінде Жапониямен туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Орталық Азия елдерінің тарихы мен мәдени мұрасы бай, табиғаты әсем. 

Бұл жапон туристерін қызықтырары сөзсіз. Қазақстан Жапониямен туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті. 

Жапониялық туристер үшін Орта Азияның бірыңғай туристік маршрутын әзірлеген жөн деп есептеймін. Сондай-ақ Орталық Азия елдерінің халқына визалық рәсімдерді жеңілдеткен дұрыс. 

Бұл жапондық туристердің бір сапарда бірнеше елді аралап шығуына мүмкіндік береді. Ал біздің азаматтарымыз Күншығыс елімен етене таныса алады. 

Жапонияны Осака қаласында ЭКСПО 2025 көрмесін табысты өткізуімен тағы да құттықтаймын.  «Көрме тақырыбын жан-жақты көрсету» номинациясы бойынша алтын жүлде иеленгендеріңізге қуаныштымыз», – деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары