Алдағы күндері Қазақстанның мегаполистерінде ауа райы күрт бұзылады

/
Алдағы күндері Қазақстанның мегаполистерінде ауа райы күрт бұзылады

Синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалаларында алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астанадағы ауа райы

17 желтоқсан:

Аспан бұлтты, кей уақытта қар жауады, жаяу боран соғады, жолдарда көктайғақ болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, түнде және таңертең екпіні 15–18 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде де, күндіз де –15…–17°С.

18 желтоқсан:

Аспан бұлтты, кей уақытта қар жауады, жаяу боран. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –15…–17°С, күндіз –11…–13°С.

19 желтоқсан:

Аспан бұлтты, күндіз қар жауады, жаяу боран. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде –12…–14°С, күндіз –6…–8°С.

Алматыдағы ауа райы

17 желтоқсан:

Аспан бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман. Жел солтүстік-батыстан 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +3…+5°С.

18 желтоқсан:

Аспан бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде –3…–5°С, күндіз 0…+2°С.

19 желтоқсан:

Аспан бұлтты, кей уақытта қар жауады, жаяу боран, тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде –5…–7°С, күндіз –3…–5°С.

Шымкенттегі ауа райы

17 желтоқсан:

Аспан бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +3…+5°С.

18 желтоқсан:

Аспан бұлтты, қар жауады, күндіз қалың қар күтіледі. Жаяу боран, тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде де, күндіз де –3…–5°С.

19 желтоқсан:

Аспан бұлтты, қар жауады, жаяу боран. Тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде –5…–7°С, күндіз 0…+2°С.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары