Қарағанды облысы әкімдігі мен «AMANAT» партиясының қолдауымен өткізілген «Тұлпар мініп, ту алған» облыстық байқауы өз мәресіне жетті, дер хабарлайды turkystan.kz.
Бөгенбай батыр» жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған» халықтық өнер байқауы өңір халқының біртұтастығын көрсетті. Жыршылық сәл көмескі тартқанмен ел арасынан еш үзілген жоқ. Міне, сол жыршылық жанрды қайта жандандырып, жас жеткіншектеріміз әуелете биікке көтерді. Ұлттық кодты көзінің қарашығындай сақтап, көнеден жаңаға, бабадан балаға жалғап, мирас ете білген қазақ өнеріне өз үлесін қосқан Бөгенбай батыр жырын жатқа оқудан «Тұлпар мініп, ту алған» облыстық байқауының үшінші орынды Өмірғалиева Жанерке алды. Үшінші орын иегеріне 250 мың теңге мен жеңімпаз дипломы табысталды.

Жас жыршыны жыр додасына дайындаған, ұстаз да құрметтен құр қалған жоқ. Шопанова Жұлдыз да 250 мың теңгемен жеңімпаз дипломына ие болды.
Облыстық байқаудан екінші орынды Сәрсенбекқызы Инабат алды. 500 мың теңге мен жеңімпаз дипломы табысталды. Ұстазы Теңелді Арайлым 500 мың теңге мен жеңімпаз дипломына ие болды.
«Бөгенбай батыр» жырын жатқа айтып, танылған саңлақ, бірінші орынды қанжығасына байлаған Әмірханова Райана. Жеңімпазға 1 млн теңге мен дипломды Қарағанды облысы әкімінің орынбасарв Әлібек Әлденей табыстаса, жоғары оқу орнының грантын Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің ректоры Ерқара Аймағамбетов ұсынды. Ұстазы мықтының ұстанымы мықты деген! Жас жыршының алғырлығы мен жігерлілігін байқап, осы дүбірлі додаға дайындаған Ерменбетова Толғанай. Ұстазға 1 млн теңге және Ұлағатты істің қайнары, білімдінің айбары болған жеңімпаз ұстазға автокөліктің кілті табысталды.

Арнайы жүлде 300 мың тг Нұрсая Мырзағали ие болды.