Өзбек экономисі Қазақстан мен Өзбекстанның өнеркәсіп өндірісін салыстырды

Өзбек экономисі Қазақстан мен Өзбекстанның өнеркәсіп өндірісін салыстырды

Шикізатқа тәуелділікке қарамастан, Қазақстан дайын өнім шығару бойынша Өзбекстаннан бірнеше есе басып озады. Өзбек экономисі, экономикалық дамуға жәрдемдесу орталығының директоры Юлий Юсупов «Seredin» подкастында екі елдің экономикасындағы ұқсастықтар мен экспорт құрылымы мен дайын өнім өндірісінің көлемін сөз етті, , деп хабарлайды turkystan.kz  BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, Қазақстанда экономика мен мемлекеттік шығыстарға қатысты жиі сын айтылып жатады, бірақ объективті көрсеткіштер елдің экономикасының әлдеқайда тұрақты екенін дәлелдейді.

«Сауда айналымын алып қарасаңыз, Қазақстанның экспорты біздікінен айтарлықтай артық. Яғни, қазақтар бізге көбірек өнім сатады. Демек, сататын нәрсе бар», – деді Юлий Юсупов.

Экономисттің айтуынша, бұл айырмашылықтардың көбінесе ресурс базасымен байланысты. Десе де Қазақстан қайта өңделген өнімдер экспорты бойынша жоғары абсолютті көрсеткіштерге ие.

«Өзбекстан мен Қазақстанның экспорт құрылымын қарасаңыз, Қазақстанның экспортында табиғи ресурстардың үлесі көп екені анық. Соған қарамастан, егер біз Қазақстанның экспортын абсолюттік түрде, яғни миллиардтаған долларды алсақ, онда Қазақстанның дайын өнім экспорты Өзбекстанның дайын өнім экспортынан айтарлықтай асып түседі. Тіпті, бірнеше есе артық», – дейді маман.

Юлий Юсуповтің пікірінше, бұл жағдай Қазақстанның шикізат экспортына көбірек тәуелді болуы мен Өзбекстан халқының саны Қазақстанға қарағанда екі есеге көп болуына қарамастан сақталып отыр.

«Біз Қазақстан секілді шикізат экспортына соншалық тәуелді емеспіз. Бұл Голландия ауруы деп аталады. Осы тәуелділікке қарамастан, Қазақстан дайын өнімнің экспортын бәрібір бірнеше есе көп өндіреді», – дейді экономист.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары