Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды

/
Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды
istockphoto.com

Шымкентте жеке сот орындаушылары (ЖСО) борышкерлердің Қазақстан Республикасынан шығуына қойылған шектеулерді заңсыз алып тастаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сондай-ақ жеке сот орындаушылары еңбек демалыстарында болған кездерінде өздері немесе көмекшілері атқарушылық іс жүргізуді қозғаған. Осылайша заң бұзған.

Қазақстан Республикасы әділет министрінің атына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынысын енгізген. 

Ұсынуды қарау нәтижесінде 85 ЖСО тәртіптік жауаптылыққа тартылып, сонымен қатар жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына берілген мемлекеттік лицензияларынан (бұдан әрі – лицензия) айыру туралы сотқа талап қою енгізілді. 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің талап қоюы қанағаттандырылып, 12 ЖСО лицензиядан айырылды (сот актісі күшіне енді). 

Прокуратура органдары атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды тұрақты негізде жүзеге асырады және бұзушылық фактілері анықталған жағдайда оларды жою және кінәлі тұлғаларды жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары