Қостанайда Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары ұсталды

/
Қостанайда Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары ұсталды
gov.kz

Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Доспанов ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қостанай облысы бойынша ҰҚК департаменті қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Доспановты ұстады», – деп хабарлады Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Прокуратура мәліметінше, сот күдіктіні қамауға алу шарасын санкциялады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары