Мұздатылған етті қанша уақытқа дейін сақтауға болады?

/
Мұздатылған етті қанша уақытқа дейін сақтауға болады?
сурет: istockphoto.com

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі испан мамандары мұздатылған еттің сақталу мерзіміне қатысты нақты шектеулерді жариялады. Испанияның AESAN агенттігі Vanitatis басылымына берген түсініктемесінде, сақталу уақыты еттің түріне және мұздату режиміне тікелей байланысты екенін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мамандардың айтуынша, өнімді сатып алған бойда бірден мұздатқан дұрыс. Температура -18 °C немесе одан төмен болуы керек. Осындай жағдайда сиыр, қой және ешкі еті бір жылға дейін өз қасиетін жоғалтпайды.

Ал құс етіне келсек, егер ол бөлшектелген болса, тоғыз айға дейін, ал тұтас мұздатылған тауық он екі айға дейін сақтала алады.

AESAN сарапшылары тұтынушыларға етті мұздатпас бұрын қаптаманы дұрыс жабуды және үйде қайта мұздатудан аулақ болуды ескертеді, себебі бұл өнім сапасына әсер етуі мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары