Ақтауда тұрғын үйдегі өрттен бір бала қаза тапты

/
Ақтауда тұрғын үйдегі өрттен бір бала қаза тапты
istockphoto.com

Оқиға 8 желтоқсан күні таңертең, Ақтаудағы көп қабатты үйлердің біріндегі пәтерде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Маңғыстау облысының ТЖД хабарлауынша, «112» пультіне 28-шағынаудандағы өрт туралы хабар сағат 09:04-те түскен. Өрт №21 үйдің төртінші қабатындағы пәтерден шыққан.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына алты минутта жетіп, шамамен 20 шаршы метр аумақтағы тілсіз жауды 09:28-де толық сөндірген.

«Өрт сөндіру барысында пәтерден ессіз жатқан кәмелетке толмаған бала табылды, оны жедел жәрдем бригадасына тапсырдық. Дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, бала жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», – деп хабарлады облыстық ТЖД.

Үй тұрғындарын эвакуациялау жүргізілген жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қаза болған баланың жасы нақтылануда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары