Қызылорда тұрғыны сотқа жүгініп, 4,5 млн теңгесін өндіруді сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Талапкер мен жауапкер бұрын таныс болмаған. Бірақ жауапкер талапкердің шоттарына қауіп төніп тұрғанын айтып, 4,5 млн теңгені өзіне аудартып алған.
Сотта аталған қаражаттың жауапкердің банк шотына түскені, тараптардың ақша аударымына дейін таныс болмағаны, араларында ешқандай міндеттемелік қатынастар болмағаны анықталды.
Жауапкер талап қоюшының ақшасын қайтаруға тырыспаған.
Іс бойынша дәлелдемелер зерделеніп, сот жауапкерден талап қоюшы пайдасына 4,5 миллион теңге көлеміндегі негізсіз баю сомасын өндіру туралы шешім шығарды.