Шығыс Қазақстанда жүргізушілерге арналған ерекше ескерту белгісі орнатылды

/
Шығыс Қазақстанда жүргізушілерге арналған ерекше ескерту белгісі орнатылды
polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында жол қауіпсіздігіне арналған көлемді ескерту белгісі орнатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өскемен – Алтай – Рахман қайнары тасжолында ПД бастамасымен ерекше профилактикалық ескерту белгісі орнатылды. Биіктігі тоғыз метрді құрайтын алып бөтелкенің ішінде жол-көлік оқиғаларынан қатты зақымданған көліктер қойылған.

Бұл ескерту белгісі жүргізушілерге жолдағы салғырттықтың қаншалықты ауыр салдарға әкелетінін және мас күйде көлік басқарудың қауіп-қатерін түсіндіруге арналған.

Есіңізде болсын! Жол ешқашан қателікті кешірмейді. Сондықтан полиция қызметкерлері барлық азаматты жол тәртібін қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары