Қарқаралы – Қарағайлы автожолында Camry және Lada Largus көліктері соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 28 жастағы Lada Largus жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Оның 36 жастағы жолаушысы және 41 жастағы Camry жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді», - делінген хабарламада.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Camry жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Vkaragande.kz іnstagram-парақшасының мәліметінше, Lada Largus көлігі «Қазпоштаның» Қарқаралы бөлімшесіне тиесілі болған және инкассациялық қызмет атқарған. Қатты соққыдан кейін Lada Largus автокөлігі өртеніп кеткен.