Руслан Сұлтанов – «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығының басшысы

Руслан Сұлтанов – «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығының басшысы

Руслан Сұлтанов – «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығының басшысы
ашық дереккөзі
«Қазақстанның ФармМедИндустриясы» фармацевтикалық және медициналық өнім өндірушілері қауымдастығының жиналысы шешімімен Руслан Сұлтанов осы бірлестіктің жаңа басшысы болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қауымдастықтың жалпы жиналасында тиісті шешім қабылданып, онда мені «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» басшысы етіп сайлады. Бұл мен үшін жаңа сынақ, осы орайда әкемнің ісін ары қарай жалғастыруға ниеттімін», - деп жазды Фейсбукте Р. Сұлтанов. Руслан Сұлтанов Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті мен Халықаралық бизнес-мектепті тәмамдаған. Әр жылдары ҚР Индустрия және сауда министрлігі жанындағы Сауда саясатын дамыту орталығы бас директоры, «Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы, ITCgroup компаниясының бас директоры қызметтерін атқарған. Естеріңізге сала кетейік осы лауазымды атқарған оның әкесі Серік Сұлтанов биыл 58 жасында өмірден озды. Ол бұл қауымдастықтың президенттігінде он жыл қатарынан қызмет етті. С. Сұлтанов саладағы заңнаманы, бағдарламаны даярлау шараларына белсенді түрде қатысқан болатын.