Жаңаөзен қаласының прокуратурасы тексеріс жүргізіп, «Neiron-Med» ЖШС медицина ұйымының 2025 жылғы шілде-тамыз айларында барлық міндетті төлемдер бойынша, соның ішінде әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары бойынша 23 млн теңге мөлшерінде берешегі бар екенін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде қарыз толық өтеліп, 145 медициналық қызметкердің еңбек құқықтары қалпына келтірілді.
Құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін медициналық ұйымның директоры ҚР ӘҚБтК-ның 92-1-бабы 1-бөлігі 2) тармағы, 279-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, ескерту жарияланды және әкімшілік айыппұл салынды.