Мемлекет қайраткері Жабайхан Әбділдин дүниеден өтті

/
Мемлекет қайраткері Жабайхан Әбділдин дүниеден өтті
almaty-akshamy.kz

Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, Қазақстандағы диалектикалық логика мектебінің негізін салушы Жабайхан Әбділдин дүниеден озды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Суыт хабарды Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жеткізді. 

«Түнде қызы хабарласып айтты. Ыстамбұлла емге апарған екен отбасы. Бейсенбі күні Ыстанбұлдан таңғы рейспен алып келеді.

Жаназасы 5 желтоқсан күні, Астана қаласындағы жаңа мешітте өтеді. Иманды болсын», - деп жазды М. Әбенов.

Айта кетейік, Жабайхан Мүбәрәкұлы 1933 жылы 16 ақпанда Павлодар облысы Май ауданы Майтүбек ауылында дүниеге келген. Ғалым 4 томдық «Диалектикалық логика» еңбегінің авторы.

Сондай-ақ оның басқаруымен диалектикалық логиканың категорияларын, заңдарын, принциптерін жан-жақты зерттеуге арналған ұжымдық монографияларлар жарық көрді.

Жабайхан Әбділдин 10 ғылым докторы, 40-қа жуық ғылым кандидатын дайындады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары