Ақмола облысындаға шахтада қайғылы жағдай болды

/
Ақмола облысындаға шахтада қайғылы жағдай болды
istockphoto

Ақмола облысындағы Бестөбе кентінде шахтада заңсыз алтын іздеп жүрген адам қаза тапты. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, шахтада тас құлап, заңсыз алтын іздеуші үйінді астында қалған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Күзетілетін нысанға заңсыз кіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады ведомство.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары