Атырауда 60 гитарашы бір мезетте Табылды Досымовтың әнін шырқады (ВИДЕО)

/
Атырауда 60 гитарашы бір мезетте Табылды Досымовтың әнін шырқады (ВИДЕО)

Өнерпаздардың ерекше орындауы әлеуметтік желіде таралып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атырау облысы Индер ауданында Табылды Досымовтың ескерткішінің алдында 60 гитарашы бір мезетте бард ақынның әнін шырқады. Іс-шара Табылды Досымовтың 60 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Ерекше бастама желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленіп үлгерген.

"Әп-бәрекелді, керемет!. Оралдан жалынды қошеметімді жолдаймын", "Тәрбие көрген, ұлыны ұлықтаған қазақ жігіттері!", "Керемет өнерлі жер", "Домбрамен осылай айтқанды көріп жүрміз, гитарадағы әнді хормен айтканды көрмеппін. "Абройларың арта берсін! Табылды әні мәңгі өлмейді. Иманы жолдасы болсын", -  деп жазды желідегі жұртшылық. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары