Жетекшінің көңіл-күйі қызметкерлердің жұмыс нәтижесіне ғана емес, компанияның қаржыткөрсеткіштеріне де ықпал етеді. Харвард профессоры Артур Брукс жүргізген зерттеу осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды turkystan.kz fortune.com-ға сілтеме жасап.
Ғалымдардың айтуынша, басшы қаншалықты бақытты болса, оның эмоциясы соншалықты командаға «жұғады»: ұжымда тыныштық артып, өнімділік жоғарылайды, ал компанияның капитализациясы мен акциялары өседі.
7 500-ден астам компания деректерін талдаған зерттеуде workplace well-being бойынша үздік 20% қатарындағы ұйымдар S&P 500 индексінен орта есеппен 5,2 пайыздық тармаққа жоғары көрсеткіш көрсеткен.
Оксфорд университетінің қосымша зерттеуі де осы байланыс бар екенін дәлелдеген: қызметкерлердің бақыты бір ғана баллға артса, жылдық кіріс миллиардтаған долларға өседі.
«Қызметкерлері бақытты компания – тиімді компания. Бұл жай ғана әдемі сөз емес, нақты инвестициялық артықшылық», – дейді профессор Брукс.
Сарапшылардың пікірінше, бизнес табысының жаңа формуласы анықталып келеді: жақсы көңіл-күй = жоғары пайда.