Тағы бір министрлік керек пе?

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева бүгін Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген отырысы барысында отбасы мәселелеріне қатысты жаңа министрлік құруды ұсынды деп жазады 365info.kz.

Депутаттың айтуынша, елімізде отбасы, әйелдер мен жастар проблемаларын шешуге арналған бірде-бір орган жоқ. Осыған орай, Балиева премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтан жаңа министрлік құруды сұрап отыр.

«Бүгінгі таңда жастар ісі бір министрліктің қарауында болса, балалардың құқығын қорғау мәселесімен өзге министрлік айналысады.

Ал, отбасы мәселелерімен айналысатын бірде-бір мемлекеттік орган жоқ. Менің бұл ұсынысым қараусыз қалмайды деп үміттенемін.

Ең болмағанда, осы мәселелердің бәрін бір министрліктің қарауына береді деп ойлаймын»,

— деді Зағипа Балиева.

Еске салайық, биыл ақпан айында Балиева министр Ерлан Сағадиевке оқушылар мен мұғалімдерді жақсы көріп үйренуге кеңес беріп, білім саласындағы қисынсыз реформаларды жүргізбеуге шақырған болатын.

 

Back to top button