Алматы тауларында туристер адасып кетті

/
Алматы тауларында туристер адасып кетті
ТЖМ

Алматы тауларында туристер қараңғы түсуіне байланысты өз бетімен төмен түсе алмай, қиын жағдайға тап болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ мәліметінше, 27 қарашаға қараған түнде құтқарушыларға Алматы облысының тауларында, 3355 метр биіктікте, үш жас туристтің адасып кеткені туралы ақпарат түскен.

18 жастағы үш жігіт Башұта шыңына көтеріліп, «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешені бағытына қарай қозғалған кезде соқпақтан шығып кетіп, әрі қарай өз бетімен төмен түсе алмаған. Тау бедерінің күрделілігі мен қараңғы уақыттың салдарынан олар маршрутқа қайта орала алмай қалған.

ТЖМ құтқарушылары дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісіп, топтың төмен түсуін үйлестірді. Барлық туристер аман-есен таудан түсірілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары