Жаңа жыл қарсаңында пиротехника айналымындағы қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр

/
Жаңа жыл қарсаңында пиротехника айналымындағы қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр
istockphoto.com

Алматыда полиция мереке алдындағы кезеңде пиротехника айналымындағы қауіпсіздік шараларын күшейтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы қаласында полиция азаматтардың, әсіресе кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін контрафакт пиротехникалық өнімдерді анықтау және тәркілеу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Қаланың базарлары мен сауда нүктелерінде жарақаттанудың алдын алуға бағытталған рейдтік және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Ережені бұзған тұлғалар жауапкершілікке тартылып, заңсыз өнімдер тәркіленуде.

Балалар арасындағы профилактикалық жұмыс ерекше назарда. Білім беру ұйымдарымен бірлесіп, пиротехниканы қауіпсіз қолдану жөнінде дәрістер мен түсіндірме кездесулер өткізілуде.

– Профилактика жылы аясында және жаңа жылдық мерекелер қарсаңында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында пиротехникалық бұйымдардың айналымына бақылау күшейтілді. Білім беру ұйымдарымен бірлесіп, қауіпсіздік ережелерін түсіндіреміз, арнайы дүкеннен тыс жерлерден пиротехника сатып алудың қауіптілігін ескертеміз. Полиция, мемлекеттік органдар және азаматтардың бірігіп әрекет еткенде ғана мерекені жазатайым оқиғасыз өткізіп, балаларымыздың денсаулығын қорғай аламыз, – деді Алматы қаласы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Полиция азаматтарды пиротехникалық бұйымдарды тек арнайы лицензияланған дүкендерден сатып алуға және оларды қолдану тәртібін қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары