Тайландта 65 жастағы әйел кремациядан бірнеше минут бұрын оянып кетіп, тірі болып шыққан. Бұл туралы Bangkok Post жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.
23 қарашада туыстары әйелдің денесін храмға әкелген. Храм қызметкерлері табытты кремация алдындағы соңғы дайындық үшін ашқанда, әйелдің қозғалып, тіршілік белгілерін көрсеткенін байқаған.
Храм қызметкерлері оны дереу ауруханаға жіберуді тапсырды және медициналық шығындарды храм жабатынын айтты.
Кейін дәрігер әйелдің жүрек тоқтауы немесе тыныс алудың жеткіліксіздігі белгілері болмағанын растады. Оның орнына ауыр гипогликемия (қандағы қанттың тым төмен деңгейі) анықталған. Әйелге медициналық көмек көрсетіліп, бақылауға алынды.