374 адам әлеуметтік желілерден бір апталық детокс жасап көрген. Олар Facebook, Instagram, Snapchat, TikTok және X қосымшаларын телефондарынан өшірген. Бірақ нәтижесінде, жалпы экран алдында өткен уақыт азайғанның орнына, артқан, деп хабарлайды turkystan.kz studyfinds.org-ке сілтеме жасап.
Ғалымдар зерттегендей, қатысушылар әлеуметтік желілерден аптасына шамамен 9 сағат үзіліс жасаса да, стриминг, ойындар мен мессенджерлерге ауысқан. Бірақ психикасы жеңілдеген: депрессия 25%-ға, мазасыздық 16%-ға, ұйқы проблемалары 14%-ға төмендеген. Жалғыздық сезімі өзгермеген.
Ең қиын «бас тарту» Instagram (қатысушылардың 68%-ы қолдануды жалғастырған) және Snapchat (49%) болған. TikTok, Facebook және X салыстырмалы түрде жеңілірек болған. Ғалымдар атап өткендей, әлеуметтік желідегі өз-өзін басқа адамдармен салыстыру психикалық денсаулыққа экран уақытынан гөрі көп әсер етеді.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, әлеуметтік желіден уақытша бас тарту автоматты түрде офлайн өмірге көбірек уақыт бөлуге алып келмейді. Демек, цифрлық детокс жасағанда да басқа стратегияларды қолдану қажет.