Жетісуда мемлекеттік мекеме кәсіпкерлерге тиесілі ақшаны төлемеген

/
Жетісуда мемлекеттік мекеме кәсіпкерлерге тиесілі ақшаны төлемеген
istockphoto.com

Сарқан ауданының прокуратурасы кәсіпкерлерге міндеттемелері толық көлемде орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар шеңберінде төлемдердің жасалмағаны анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атап айтқанда, «Жоңғар-Алатауы»Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі» РММ-мен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 17-бабының 6-тармағына қайшы, шарт бойынша міндеттемелері а.ж. ақпан-қыркүйек айларының аралығында толық көлемде орындалғанына қарамастан 30 кәсіпкерлерге жалпы сомасы 7,1 млн теңге төлем жасалмаған.

Қадағалау актісінің негізінде кәсіпкерлерге төлемдер толық төленіп, құқықтары қорғалды.

Естеріңізге саламыз, туындаған сұрақтар бойынша бизнес субъектілері кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша Call-орталықтың + 7 771 131 0444 телефон нөміріне немесе Фронт – офиске (Талдықорған қаласы, М.Төлебаев көшесі 51) жүгіне алады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары