Бұл жайында журналист Жанат Жақсыбайқызы дабыл қақты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Махамбет ауданында тышқан қаптап кетті. Мектептер мен балабақшалар жабылды. Халық шырылдап жатыр. Бұл у-шуға қатысты жергілікті билік ресми ақпарат бермеді. Өзіміз барып көрдік. Сұмдық! Мынау бір үйден бір түнде жинап алғаны. Жанымда қорапта, шелекте толып жатыр Ауыл тұрғындары қаптаған кеміргіштермен алысып жүр. Үйлердің іші сасып кеткен», – деп жазды ол.