Фитнес қосымшалары психикаға зиян келтіреді

/
Фитнес қосымшалары психикаға зиян келтіреді
сурет: istockphoto.com

Жаңа зерттеу фитнес-қосымшалардың кері әсері барын анықтады: денсаулықты жақсартуға тиіс бұл сервистер керісінше адамның ми саулығына қысым жасап, спорттан мүлде алыстатып жібереді, деп хабарлайды turkystan.kz bpspsychub.onlinelibrary.wiley.com-ға сілтеме жасап.

60 мың пайдаланушының тәжірибесіне сүйенген ғалымдар мына үрдісті байқаған:

Қозғалыс аз күндерде ұят пен кінә сезімі күшейеді. Ұйқы нашарлаған сайын өз-өзіне деген сенім төмендейді. Қосымшаның «тағы жүр», «қозғал», «мақсаттан қалып қойдың» деген ескертулері уақыт өте келе тұрақты күйзеліс пен мазасыздыққа айналады. Мұндай эмоционалдық қысым ұзаққа созылғанда, адамдар спортты да, дұрыс өмір салтын да тастап кетеді. Ғалымдар мұны «цифрлық айна» эффектісі деп атайды: көрсеткіштер төмен болса, адам өзін де төмен бағалай бастайды.

Зерттеушілердің айтуынша, мәселе адамның ерік-жігерінде емес, тым қатаң және механикалық бақылауда. Қосымшалар адамның ресурсын, қалпын, күні қалай өткенін «ескермейді» тек сандарды талап етеді.ты шарты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары