Шығыс Қазақстанда 30 мың оқушы қашықтан оқуға көшірілді

/
Шығыс Қазақстанда 30 мың оқушы қашықтан оқуға көшірілді
istockphoto.com

Маусымдық жұқпалы аурулардың көбеюіне байланысты ШҚО-дағы  жалпы білім беретін 107 мектептің 1504 сыныбынан 27 610 оқушы уақытша қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қашықтан оқыту Өскеменнің 46 мектебінде, Күршім ауданының үш мектебінде, Ұлан ауданының тоғыз мектебінде, Үлкен Нарын ауданындағы бір мектепте, Алтай ауданындағы сегіз мектепте, Зайсан ауданындағы бір мектепте, Катонқарағай ауданындағы бір мектепте, Самар ауданындағы бес мектепте, Тарбағатай ауданындағы тоғыз мектепте, сондай-ақ облыстық деңгейдегі төрт мектепте ұйымдастырылды.

ШҚО білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, қашықтан оқыту форматына көшу туралы шешім сыныптағы оқушылардың 30%-дан астамы денсаулық жағдайына байланысты сабаққа қатыспаған жағдайда қабылданады. Бұл факті медициналық анықтамалармен расталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары