Түркістан облысында 271 млн теңге субсидияны жымқырған тұлғалар сотталды

/
Түркістан облысында 271 млн теңге субсидияны жымқырған тұлғалар сотталды
istockphoto.com

Түркістан облысында аудандық ветеринария қызметінің 4 маманы ауыл тұрғынымен бірге сөз байласып, шаруа қожалықтарының аттарына іс жүзінде болмаған 100 мың бас шамасындағы ұсақ малды ақпараттық жүйеде заңсыз тіркеген. Осылайша олар 271 млн теңге субсидияны жымқырып, өзара бөліскен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түркістан қаласының соты алаяқтық жолмен, жоқ малдарға жалған құжаттар әзірлеп, субсидия қаражатын жымқырған 5 тұлғаны кінәлі деп таныды.

4 күдікті 5,2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бір адамның бас бостандығы шектеліп, соңынан сот рақымшылық актісін қолданып істі тоқтатты.

Мемлекеттің пайдасына  50 млн теңге өндірілді, сонымен бірге 120 млн теңгеге мүлікке тыйым салынды.

Түркістан облысы прокуратурасы мемлекеттен бөлінген субсидия қаражатын жымқырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа көзделгенін және ол әрекеттер үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертеді.  

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары