Астанада көктайғақ пен бұрқасын болады

/
Астанада көктайғақ пен бұрқасын болады
istockphoto.com

“Қазгидромет” баспасөз қызметі 21 қараша, жұма күніне арналған Астана мен Алматы қалаларының ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астанада ауыспалы бұлттылық, жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, тұман және көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 0…–2°С, күндіз +1…+3°С.

Алматыда ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +2…+4°С, күндіз +13…+15°С.

Синоптиктер 2025 жылдың желтоқсаны – 2026 жылдың ақпаны және 2026 жылдың наурызына арналған консультативтік ауа райы болжамын да ұсынды. Алдын ала деректер бойынша, республиканың басым бөлігінде алдағы қыс қалыпты жылы болады деп күтіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары