Астана базарында сапасы белгісіз ет өнімдерін сатпақ болғандар ұсталды

/
Астана базарында сапасы белгісіз ет өнімдерін сатпақ болғандар ұсталды

Астанада заңсыз ет сату жолы әшкереленді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Елорда полициясы «Әлем» базарында сапасы белгісіз ет өнімдерін өткізу арнасын тоқтатты. «Мал ұрлығы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында уәкілетті органдардың рұқсатынсыз ветеринариялық ілеспе құжаттарды рәсімдеумен айналысқан 41 жастағы ер адамның заңсыз әрекеті анықталды.

Анықталғандай, ер адам сыйақы үшін ет өнімдеріне мөр басып, сатушыларға қажетті рұқсат құжаттарынсыз өнімді сатуға мүмкіндік берген. Оның қолданған мөрі тәркіленді.

Жалған құжаттарды, мөрлер мен штамптарды қолдан жасағаны және таратқаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Нарық әкімшілігіне мұндай заңбұзушылықтарға жол бермеу мақсатында шаралар қабылдау жөнінде полиция тарапынан ұйғарым енгізілді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары