«Бір адам ғана тірі қалған»: Сауд Арабиясында 42 қажы мінген автобус өртеніп кетті

/
«Бір адам ғана тірі қалған»: Сауд Арабиясында 42 қажы мінген автобус өртеніп кетті
видеодан скриншот

Сауд Арабиясында автобус жол  апатына ұшырап, өртеніп кетті. Апаттан тек бір адам ғана тірі қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Умра жасап жүрген қажылар мінген автобус Медина қаласында дизель отынын тасымалдап келе жатқан автоцистернамен соқтығысқан. Өрт салдарынан 42 адам қаза тапты, олардың басым бөлігі — Үндістан азаматтары.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза болғандардың арасында кемінде 11 әйел және 10 бала болған. Марқұмдар туралы ақпаратты билік нақтылап жатыр.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген фото және бейнежазбалар жарияланды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары