"Жарты млн ұшақ билеті жойылды": Қытай Жапонияға ұшатын рейстердің 80%-дан астамын тоқтатты

/
"Жарты млн ұшақ билеті жойылды": Қытай Жапонияға ұшатын рейстердің 80%-дан астамын тоқтатты
сурет: istockphoto.com

Қытай мен Жапония арасындағы шиеленіс күшейіп, Пекин өз азаматтарына Жапонияға сапар жоспарламауға кеңес берді. Нәтижесінде Қытай авиакомпаниялары 491 мың билетті — яғни бағытқа сатылған билеттердің шамамен 32%-ын жойған, деп хабарлайды turkystan.kz scmp.com-ға сілтеме жасап.

Авиасарапшы Ли Ханминнің дерегінше, тек жексенбі күні билеттен бас тарту саны жаңа броньдардан 27 есе көп болған. Бұл COVID-19 індетінің алғашқы айларынан бергі ең жоғары көрсеткіш болды.

Бейжіңнің ескертуінен кейін Жапонияға ұшатын рейстердің 80%-дан астамы тоқтатылған. Әуе тасымалдаушылар шығынды азайту үшін жолаушыларға тегін қайта броньдау және билет құнын қайтару мүмкіндігін ұсынып отыр.

Сарапшылардың бағалауынша, шығын миллиардтаған юаньға жетуі мүмкін. Ал Жапония үшін бұл шешім ауыр экономикалық соққы: қытай туристері елдің туризм және бөлшек сауда саласындағы негізгі табыс көзі саналады.

Бұл дипломатиялық шиеленіс Жапония премьері Санаэ Такачидің Тайваньға қатысты «Жапонияның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төнсе, араласуға дайынбыз» деген мәлімдемесінен кейін ушыға түскен.

Екі ел арасындағы бұл дағдарыс туризм мен әуе қатынасы ғана емес, аймақтағы геосаяси тұрақтылыққа да сынақ болып отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары