«Жетісу» командасының экс-бапкері Самат Смақов осы маусымда қол астында жаттыққан Дінмұхаммед Қашкенге қатысты дауға пікір білдірді, , деп хабарлайды turkystan.kz. ASnews.kz-ке сілтеме жасап.
«Хейт деген әрдайым болады. Бұған назар аудармау керектігін айттым. Оларға жауап берсең, жағдай одан әрі шиеленісе түседі. Өз жұмысыңды істе, жаттығу жаса, хейтке жауап берудің қажеті жоқ», – деді Смақов.
Смақовтың айтуынша, Қашкеннің ұлттық құрамаға тұрақты түрде шақыртылуы тек өзіне байланысты.
«Бәрі өзіне байланысты. Мұны барлық жігітке айтып отырамын. Қай жақта ойнасаң да, бапкерлік штабтың тапсырмасын, ақыл-кеңесін қабылдап, соны алаңда көрсету қажет. Бәрі ойыншыға байланысты. Басқа ешкім де көмектеспейді», – дейді ол.