Ақмола облысының тұрғыны үйінің ауласында үсіп өлген

/
Ақмола облысының тұрғыны үйінің ауласында үсіп өлген
istockphoto.com

Біржан Сал ауданының Бұланды ауылында жергілікті тұрғын үсіп өлді. Оқиға түнгі уақытта болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға орнын тексеру кезінде зорлық белгілері анықталмаған.

Полиция қызметкерлері марқұмның жеке басын жылдам анықтады. Ол – ауылда жалғыз тұрған 55 жастағы азамат. Ол өз үйінің ауласында көз жұмған.

«Сарапшының қорытындысына сәйкес, өлім үсіп қалу салдарынан болған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады ведомство.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары