Желіде Маңғыстау маңындағы аралда жүрген қасқырлардың видеосы тарады

/
Желіде Маңғыстау маңындағы аралда жүрген қасқырлардың видеосы тарады

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау жағалауына жақын орналасқан Құлалы аралында қасқырлар тобының жүрген сәті түсірілген видео тарап жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

ECOJER экологиялық қауымдастығы жанындағы аймақтық экологиялық кеңестің төрағасы Әділбек Қозыбақовтың айтуынша, жыртқыштардың бұл жерде жүруі кездейсоқ емес. Оның сөзінше, қасқырлар бұл аралдарда ондаған жылдан бері тіршілік етіп келеді, өйткені мұнда олар үшін жеткілікті қорек бар.

"Олар жағаға шығып қалған итбалықтардың өлексесімен қоректенеді. Кейде тірі итбалықты да ұстап жейді. Сонымен қатар, олардың қорегіне балық, су құстары мен құс жұмыртқалары да кіреді", – деді Әділбек Қозыбақов.

Экологтың айтуынша, қатты аязды қыста теңіз мұз болып қатып қалғанда, қасқырлар материкке өтіп кетуі мүмкін. Басқа мезгілдерде бұл сирек кездеседі.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары