Омбыдағы ҚазҰУ-дың филиалының ашылуы – университет беделінің көресеткіші – проректор

Омбыдағы ҚазҰУ-дың филиалының ашылуы – университет беделінің көресеткіші – проректор
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапары кезінде Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің базасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алғашқы өкілдігінің ашылуы біз үшін елеулі уақиға болғанын атап өткен болатын. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Алина Галеева қыркүйектен бастап студенттер қабылдай бастаған бұл филиалда қанша студент, қандай мамандықта білім алып жатқанын айтып берді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге мемлекеттік сапары барысында Владимир Путинмен өткен кездесуінде Қазақстан университетінің Ресейдегі филиалының ашылуы екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі болғанын атап өтті.  
«Ресейде қазақстандық университеттің алғашқы өкілдігінің ашылуы – маңызды оқиға. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің базасында құрылған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалы бүгінде жемісті жұмыс істеп, Қазақстан мен Ресей арасындағы ғылыми-білім беру байланыстарын нығайтуға үлес қосуда», – деді Президент.
2024 жылы екі ел көшбасшыларының қатысуымен ашылған бұл филиал бүгінде «Халықаралық құқық», «Кеден ісі» және «Филология» бағыттары бойынша сұранысқа ие мамандарды даярлайтын заманауи орталық ретінде өзін танытып үлгерді. Бұл мамандықтар еңбек нарығының сұранысына жауап береді және екі мемлекеттің кадрлық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.
Биылғы оқу жылында филиалға 96 өтінім түсіп, нәтижесінде 68 студент қабылданды. Бұл – білім беру бағдарламаларының сапасына деген сенім мен университет беделінің көресеткіші. Болашақта Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы үкіметаралық келісім аясында білім беру гранттарын бөлу жоспарланып отыр. Бұл талантты студенттерді тартуға және ғылыми байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, филиал академиялық ұтқырлықты белсенді дамытып, гуманитарлық және мәдени ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бірлескен ғылыми семинарлар мен жобаларды жүзеге асыруда. Алдағы жылдары магистратура бағдарламаларын кеңейту және халықаралық құқық пен лингвистика салаларында бірлескен зерттеу бастамаларын іске қосу жоспарлануда», – дейді проректор.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары