13 қараша, бейсенбі күні Өскемен қаласында жүргіншілер автокөліктердің арасында жерде жатқан ер адамды көріп қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Куәгерлер оны көлік қағып кеткен болуы мүмкін деп болжаған.
«Жол-көлік оқиғасы фактісі расталмады», – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ер адамның өлімінің нақты себебін сараптама анықтайды.