Ақмола облысында полицейлер тұрғыннан 12 келіден астам "синтетика" тәркіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Астана аумағында полицейлер 14 полиэтилен пакеттегі 12 келіден астам мефедронды анықтады.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұзақ мерзімді жедел өңдеу нәтижесінде Целиноград ауданының ауылдық елді мекендерінің бірінде жергілікті тұрғынды ұстады. Ол жедел уәкілдердің ақпараты бойынша тыйым салынған заттарды таратумен айналысқан.
Тергеу барысында күдікті бұрын есірткі салған жерін көрсетті. Орман жолағын тінту кезінде есірткімен күрескерлер тыйым салынған заттары бар 14 полиэтилен вакуумдық қаптаманы тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес, мефедронның салмағы 12 келіден асты.
Аталған факті бойынша күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.