Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Александр Заруцкий алматылық «Қайрат» клубында қалатын болды, деп хабарлайды turkystan.kz ASnews.kz-ке сілтеме жасап.
Екі жыл қатарынан чемпион атанған алматылық клуб басшысы тәжірибелі қақпашыны басқа клубқа жібергісі жоқ. Бұған дейін түрлі БАҚ-та Заруцкийдің басқа қазақстандық командаға ауысатыны жайында хабар тараған-тын.
Биылғы маусымда 32 жастағы қақпашы 24 ойынға қатысып, Қазақстан Суперкбогі мен чемпионатын жеңіп алды.
Transfermarkt порталы Заруцкийдің трансферлік құнын 350 тысяч еуроға бағалап отыр.