Петропавлда фельдшерді балағаттаған әйелге айыппұл салынды

/
Петропавлда фельдшерді балағаттаған әйелге айыппұл салынды
istockphoto.com

Петропавлда жергілікті тұрғынға қатысты фельдшерге құрметсіздік көрсеткені үшін іс қозғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот анықтағандай, 10 қазан күні №1 қалалық емхананың фельдшері жоспарлы үй аралау кезінде медициналық есепте тұрған әйелдің пәтеріне барған. Сол кезде әйел бөтен адамдардың көзінше фельдшерге дөрекі, балағат сөздер айтып, оны баспалдақ алаңынан күштеп қуып шығаруға тырысқан.

Сот отырысында әйел өз кінәсін мойындады. Сот оның әрекетін медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызметкерлерге олардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде құрметсіздік көрсету туралы ӘҚБтК-бап бойынша әкімшілік құқықбұзушылық ретінде саралады.

— Жаза тағайындау кезінде әйелдің жасы және әкімшілік қамау қолдану мүмкін еместігі ескерілді. Нәтижесінде оған 82 572 теңге көлемінде айыппұл салынды. Төлемді жедел жүргізгені үшін 30% жеңілдік қолданылды, — делінген хабарламада.

Соттың қаулысы заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары