Астанада кондиционерден зардап шеккен фельдшер туралы жалған ақпарат таратылған

/
Астанада кондиционерден зардап шеккен фельдшер туралы жалған ақпарат таратылған
Ашық дереккөзден

Интернетте жарақат алғандарға көмек көрсеткен фельдшер Ұлдана Мырзуаның үстінен қылмыстық іс қозғалды деген жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды. Алайда бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Қыздың күйеуі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Тергеу іс-шаралары шынымен басталды, бірақ менің әйеліме қатысты емес. Болжауларға сенбеңіздер. Барлықтарыңызды тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырамын», – деді Адилет Зейнел.

Оның айтуынша, Ұлдананың жағдайы әлі ауыр.

«Әйелімнің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Қан қысымы үш күшті препараттың көмегімен тұрақтандырылып тұр. Денсаулық сақтау вице-министрінің сөздерімен толық келісемін, Ұлдана шын мәнінде ерлік жасады. Ол өз өмірін қауіпке тігіп, өзгелерді құтқаруға тырысты», – деп атап өтті ол.

Күйеуі сондай-ақ көптеген қазақстандықтардың Ұлдананы «халық қаһарманы» деп атап жатқанын да айтты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары