Қостанайда полицейді сабаған жігіттердің ісі сотқа жолданды

/
Қостанайда полицейді сабаған жігіттердің ісі сотқа жолданды
istockphoto.com

Биылғы маусым айында Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында 27 және 29 жастағы екі жігіт полиция қызметкерін соққыға жыққан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға ойын-сауық мекемесінің жанында болған. Масайған айыпталушылар полицейдің заңды ескертуін құлаққа ілмей, денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, көпшіліктің көзінше қорлаған.

Олардың әрекеттері қылмыстық кодекстің 378-б. 2-б., 380-б. 4-б. 3) т. бойынша сараланды (билік өкілін қорлау, билік өкіліне қатысты күш қолдану).

Баптың санкциясы жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді.

Қылмыстық іс Қостанай облысы Ұзынкөл аудандық сотына жолданды.

Облыс прокуратурасы агрессия көрсету, зорлық-зомбылық көрсету және билік өкілдерін қорлауға жол берілмейтінін және қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын еске салады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары