«Әкемді жамандап жазған сөздерді оқу маған ауыр тиеді»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы жазба жариялады

/
«Әкемді жамандап жазған сөздерді оқу маған ауыр тиеді»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы жазба жариялады
жеке парақшасынан

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың үшінші қызы Айару әкесімен қазіргі қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, қазіргі болып жатқан жағдайларға қарамастан, Тұрсынбек Қабатов ол үшін ең жақсы әке болып қала бермек.

«Қазір бәрі оның қандай жаман адам екенін айта бастайды. Бірақ ол мен үшін әрқашан ең жақсы әке болып қалады. Мен оны бұл өмірде бәрінен қатты жақсы көремін және ерекше бағалаймын. Күйеу ретіндегі рөлінде, мүмкін, өзін жақсы көрсете алмаған шығар. Бірақ әке ретіндегі рөлінде ол нағыз «әке» атағына лайық. Өйткені осы жылдар бойы өз махаббатын үнемі көрсетіп келеді. Қазір арамыз жақсы, бәрін ашық сөйлестік. Адамдардың оны жамандап жазған сөздерін оқу маған өте ауыр. Себебі саған жақын адамды ренжіткенде, шынымен де жаның ауырады және бар күшіңмен қорғағың келеді. Бірақ менің қорғанысымды ешкім байқамайды», - деп жазды Айару Тұрсынбекқызы.

Еске сала кетейік, бұған дейін продюсер Мөлдір Мұқанова әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасып кеткенін мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, 14 жыл бұрын әзілкештің екінші әйелі пайда болған.

Продюсердің сұхбатынан кейін желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовты сынап, оған бойкот жариялауға шақырып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары