Қызылордада баласы әкесін сотқа беріп, оқуына алимент өндіріп алды

/
Қызылордада баласы әкесін сотқа беріп, оқуына алимент өндіріп алды
istockphoto.com

Байқоңыр қаласында ұлы әкесін сотқа беріп, оқу ақысын төлеу үшін алимент өндіріп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Талапкер кәмелет жасына толғаннан кейін алимент тоқтап қалған. Алайда ол оқуын аяқтағанша әкесінен алимент өндіру туралы арызбен сотқа жүгінген.

Тараптарға дауды татуластыру рәсімдерінің көмегімен реттеу жөніндегі құқықтары түсіндірілді. Нәтижесінде, тараптар дау бойынша өзара келісімге келді.

Келісімге сәйкес, жауапкер талап қоюшыға қазан айына 30 000 мың теңге, ал 2029 жылдың 30 маусымына дейін ай сайын 100 000 теңге алимент төлеп отыруға міндеттелді.

Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы медиациялық келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары