Дәрігер тіске өте зиян тәттіні атады

/
Дәрігер тіске өте зиян тәттіні атады
сурет: istockphoto.com

Тіске ең зиян тәтті – таяқшасы бар мұзкәмпиттер, деп хабарлайды , деп хабарлайды turkystan.kz «Известия» басылымына сілтеме жасап.

Басылымға сұхбат берген тіс дәрігерінің айтуынша, мұндай кәмпиттер тіс эмалін бұзып, тіс жегісінің пайда болуына жол ашады. Ал оларды жиі тұтыну балалардың тісі мен жақ сүйегінің дамуына да кері әсер етеді.

– Мұзкәмпит – таза қант концентраты. Ол ұзақ уақыт бойы тіске жабысып қалады. Шоколад немесе зефир сияқты тәттілер тез желінеді, ал мұзкәмпит 10–15 минут бойы эмальмен жанасып тұрады. Сол уақыт аралығында ауыздағы қышқылдық артып, бактериялар көбейіп, тіс тіндерін бұза бастайды, – дейді дәрігер.

Маманның айтуынша, мұзкәмпитттің зияны тек құрамында ғана емес. Егер бала кәмпитті немесе таяқшасын ұзақ тістеп жүрсе, бұл жаққа күш түсіреді.

– Мұндай жағдай жиі қайталанса, тістердің орналасуы бұзылуы мүмкін, – деп ескертті ортодонт.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары