Шығыс Қазақстанда жүк көліктерінің қозғалысы шектелді

/
Шығыс Қазақстанда жүк көліктерінің қозғалысы шектелді
istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысының Осинов асуында ауа-райының қолайсыздығына байланысты жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтожол» мәлімдеді.

«2025 жылғы 5 қараша сағат 08:00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Бұл шара Осинов асуындағы күрделі тау жағдайларына байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылдануда.

Шектеу республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46–66 шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы аралығы) учаскесінде қысқы маусым аяқталғанға дейін енгізіледі.

Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жол қызметтерінің талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары