Ақтөбеде 3 қараша күні Ағайынды Жұбановтар көшесінде BMW көлігінің жүргізушісі жолды рұқсат етілмеген жерден өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан 17 жастағы жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.
«Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.
Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолда барынша мұқият болуға және жылдамдық режимін бұлжытпай орындауға шақырады.