«Қазгидромет» РМК Елордада ескерту жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Астана қаласында 03 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз көктайғақ. 4 қарашада қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз 03, тәулік бойы 04 қарашада екпіні 15-20 м/с Солтүстік жел кейде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасының түнде 04 қарашада 8-10 аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі», - делінген хабарламада.