Қазақстандықтар Жаңа жылда неше күн демалады?

/
Қазақстандықтар Жаңа жылда неше күн демалады?
istockphoto.com

Бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар жетоқсанда 9 күн демалады. Ал қаңтарда тағы 12 күн демалыс күтіп тұр, деп хабарлайды turkystan.kz.

16 желтоқсан – демалыс. Сейсенбіге түсіп тұр. Апта ортасында қысқа үзіліс болады.

Алты күн жұмыс істейтіндер де 16 желтоқсанда демалады.

Ал 31 желтоқсан — жұмыс күні болып қалады.

Міне, 2026 жылдың қаңтар айындағы демалыс кестесі:

Бес күндік жұмыс аптасы үшін:

30 және 31 желтоқсан — жұмыс күндері;

1 және 2 қаңтар — Жаңа жыл мерекесіне арналған демалыс күндері;

3 және 4 қаңтар — демалыс күндері;

5 және 6 қаңтар — жұмыс күндері;

7 қаңтар (сәрсенбі) — православ Рождествосына арналған демалыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасы үшін:

30 және 31 желтоқсан — жұмыс күндері;

1 және 2 қаңтар — Жаңа жыл мерекесіне арналған демалыс күндері;

3 қаңтар (сенбі) — жұмыс күні;

4 қаңтар (жексенбі) — демалыс күні;

5 және 6 қаңтар — жұмыс күндері;

7 қаңтар (сәрсенбі) — православ Рождествосына арналған демалыс күні.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың желтоқсаны мен 2026 жылдың қаңтар айындағы демалыс күндерін ауыстыру әзірге жоспарланбағанын нақтылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары