Дәрігер жасыл және қара шайдың пайдасын салыстырды

/
Дәрігер жасыл және қара шайдың пайдасын салыстырды
istockphoto.com

«СберЗдоровье» медициналық компаниясының терапевті Анастасия Агаева жасыл және қара шайдың пайдасын салыстырды. Өз ой-пікірлерімен ол «Лента.ру»-мен әңгіме барысында бөлісті.

Дәрігердің айтуынша, қант, сүт немесе кілегей қосылмаған қара және жасыл шайдың пайдасы бірдей, әрі олар теңгерімді тамақтанудың бөлігі бола алады. Оның сөзінше, көптеген зерттеулер бұл сусынды тұрақты түрде тұтынуды жүрек-қан тамыр ауруларының, инсульттің және когнитивтік бұзылулардың даму қаупін төмендетумен байланыстырады. Бұл шай құрамындағы антиоксиданттық қасиеттері бар заттардың әсерінен, олар қан тамырларының икемділігін жақсартады.

«Көп дені сау ересек адам күніне үш-төрт кесе шайды қауіпсіз түрде іше алады. Алайда қан қысымы жоғары, мазасыздық немесе ұйқы бұзылысы бар адамдарға шай мөлшерін күніне екі-үш кесеге дейін азайтып, оны күннің бірінші жартысында ішкен дұрыс. Жүкті және бала емізетін әйелдерге күніне екі-үш кеседен артық қара немесе жасыл шай ішуге болмайды», — деп нақтылады маман.

Сондай-ақ ол шай қалташасын (пакетін) қайта демдеуге болмайды деген кең тараған жаңсақ пікірді жоққа шығарды.

«Шын мәнінде, егер дұрыс және саналы түрде жасалса қайта демдеуге болады, бірақ дәмі мен пайдасы әлдеқайда төмен болады. Алғашқы демдеу кезінде пайдалы заттардың басым бөлігі бөлінеді. Егер адам шайды жай жылы сусын үшін емес, пайдасы үшін ішсе, онда қайта демдеудің айтарлықтай маңызы жоқ», — деді Агаева.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары