31 қазанда еліміздің бірқатар өңірінде күн құбылмалы болады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейсе, басқа аймақтарда үсік жүруі мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың орталығында 2 градус үсік күтіледі. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде 2 градус үсік күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.
Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, тау асуларында 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістанда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.